Атырау, 7 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Ащысай каналы құрғап қалды: мал су таба алмай жүр

538 рет қаралды
Бақсай каналы. Видеодан скриншот

Махамбет ауданы фермерлері Ащысай каналы бойындағы судың аздығынан жылқы мен құлындар батпаққа батып жатқаны жөнінде дабыл қаққан болатын.

Осыған орай "АЖ" тілшісі аудан әкімшілігіне хабарласқан болатын. 

- 29 маусым күні Ащысай каналында судың азайып кеткені жөнінде округке қарасты бірқатар шаруа қожалықтарынан хабарлама түсті. Аталған мәселе бойынша "Табиғат" ШЖҚ КМК Махамбет учаскесі бөліміне шұғыл түрде хабарланып, 30 маусым күні Бақсай каналынан су айдайтын қосымша насос іске қосылды. Қазіргі уақытта Ащысай каналына су жеткізілу үстінде, - дейді аудан әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Ол судың азайып кету себебі анықталғанын, яғни жердің табиғи бедері биік болғандықтан су төменге қарай құлап жиналмай қалғанын айтты. Осыған байланысты канал іргесінде орналасқан "Ернияз" ШҚ тұсында су жиналғаннан кейін оның Томан елді мекеніне қарай ағып кетпеуін қамтамасыз ету мақсатында 1 шілде күні қосымша тұрба орнатылған. 

Бұдан әрі аудан әкімі канал суын реттеп отыруды үнемін бақылауда ұстайтынын айтты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

2 шілде, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.