Атырау, 7 желтоқсан 08:58
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Құрманғазы ауданында тағы бір спорт кешені бой көтереді

437 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында жаңа спорт кешені салынып жатыр.

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында жастар игілігіне жаңа спорт кешені пайдалануға берілмек. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабаралуынша құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 

Жобаның тапсырыс берушісі – Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі. Ал тиісті жұмыстарды «Номад Құрылыс компаниясы» ЖШС жүзеге асыруда. Техникалық қадағалаушы ретінде «Тұран Құрылыс» ЖШС белгіленсе, авторлық қадағалаушы «Су Құрылыс Проект» ЖШС болып бекітілген.

Қазір спорт кешенінде құрылыс-монтаж және ішкі жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жоба аясында волейбол, кіші футбол және воркаут алаңы мен жаттығу залдары, тренерлік кабинеттер қарастырылған.

Сала мамандарының айтуынша, бұл кешен ауыл жастарының спортпен шұғылдануына, бос уақытын тиімді өткізуіне және бұқаралық спортты дамытуға зор ықпал етпек.

1 шілде, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.