Атырау, 7 желтоқсан 08:54
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда Құлсары тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап өлтіргені үшін сотталды

459 рет қаралды

Атырау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы әйелін 2025 жылдың көктемінде оның жұмыс орны — Құлсары қаласындағы емханада салқынқандылықпен өлтірген азаматты 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл оқиға қоғамда кең резонанс тудырды.

Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, С. есімді сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 9 және 15-тармақтары бойынша — төтенше жағдай кезінде, бұзақылық ниетпен адам өлтіру фактісі бойынша кінәлі деп танылды.

Оқиғаның мән-жайы

2025 жылдың 27 наурызында сотталушы Instagram желісінде бұрынғы әйелімен хат алмасып, олардың арасында дау туындаған. Ашуланған С. қалтасына пышақ салып, әйелін өлтірмек болып, әйелі заңгер болып жұмыс істейтін емханаға барған.

Кабинетке кіргенде, ол алдымен бұрынғы әйелінің басынан ұрады. Әйелінің әріптесі араласуға тырысқанда, ол пышағын шығарады. Әйел көмек сұрап жүгіріп шығады, бірақ сол кезде С. екі рет пышақ салады: бірін мойнына, екіншісін кеуде тұсына. Жәбірленуші сол жерде көз жұмады.

Сот шешімі

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

- Сот үкім шығарған кезде ауырлататын жайттар анықталмады, ал кінәнің ішінара мойындалуы және жасаған ісіне өкінуі жеңілдететін жайттар ретінде танылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеумен немесе тәркілемей өмір бойы бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылады, — деп хабарлады сот.

Осылайша, кінәнің ішінара мойындалуы мен өкінуін ескере отырып, сот марқұмның туыстары сұрағандай өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін шығармады. Сондай-ақ, зардап шегушілерге моральдық зиян өндірілді.

Айгүл МАНСУРОВА

1 шілде, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.