
Қазақстан Энергетика министрлігі Ливия жағалауында жарылыс болған танкер туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа пікір білдірді. Кей деректер бойынша, онда қазақстандық мұнай болуы мүмкін екені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Министрлік бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.
"Оқиға жеке меншік танкерде болған, соңғы рет Ливия порттарының бірінде тиелген. Оқиға кезінде танкерде қазақстандық мұнай болғаны туралы ақпарат шындыққа сай келмейді", – делінген Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та жарылыс кезінде зардап шеккен "Виламора" танкері Қазақстаннан 1 миллион баррель мұнай тасымалдағаны туралы ақпарат жарық көрді.
В Атырау +4