
Құрманғазы ауданы Жасталап ауылында 300 орындық балаларға арналған заманауи лагер бой көтермек.
Облыстық Құрылыс басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылатын жоба «Институт жилья» ЖШС тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Құжаттар дайын болған соң құрылыс жұмыстары басталады.
Лагерь жыл бойы жұмыс істейтін демалыс және шығармашылық орталыққа айналады. Онда балалар білім алып, дене шынықтырумен айналысып, шығармашылықпен де шұғылдана алады. Инфрақұрылым құрамына тұрғын жайлар, әкімшілік бөлімше, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, бассейн, амфитеатр, медициналық пункт және техникалық нысандар кіреді.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлхат Хамза нысанның жергілікті климатқа бейімделіп, заманауи жобалау тәсілдері қолданылатынын атап өтті. Лагерьдің ашылуы балаларға арналған демалыс пен білім беру саласында үлкен серпін болады деп күтілуде.
В Атырау +1