Атырау, 7 желтоқсан 12:03
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда әр үш түлектің бірі жұмысшы мамандығын таңдаған

495 рет қаралды

Атырау облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылданған әр үш түлектің бірі жұмысшы мамандығын таңдаған.

2024-2025 оқу жылында өңірде 5745 студент техникалық және кәсіптік білім алып, оның ішінде 9-сынып базасы бойынша 3520, 11-сынып базасы бойынша 2225 студент маман атанған. Жалпы қабылданғандар арасында 1729 түлек жұмысшы мамандықтарын таңдаған: 9-сынып түлектерінен 1065, 11-сынып түлектерінен 664 студент.

Облыстық Білім беру басқармасы бұл көрсеткішті өңірлік еңбек нарығындағы нақты сұраныс пен өндірістік салалардағы жұмысшы кадрларға қажеттіліктің дәлелі ретінде қарастырады. Атырау облысында 24 колледж жұмыс істейді, олар дәнекерлеуші, электрмонтажшы, құрылысшы, аспаз, шаштараз, кондитер, техник-механик, өндірістік оператор сияқты сұранысқа ие мамандықтарды оқытады.

Дуалды оқыту жүйесі арқылы студенттерге теориямен қатар практикалық машықтар да беріліп, өндірістік тәжірибе мен кәсіпорындармен серіктестік негізінде бітірушілердің көпшілігі жұмысқа орналасады.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түскен студенттерге тегін білім, ай сайынғы шәкіртақы, жатақхана және әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

30 маусым, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.