Атырау, 7 желтоқсан 12:01
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда FoodieX fest гастрофестивалі өтті

400 рет қаралды

29 маусымда Атырауда FoodieX fest атты ашық аспан астында гастрономиялық шара ұйымдастырылды. Фестивальдің тақырыбы — Rustic Chic: Farm & Festive, яғни табиғи стиль мен кантри элементтеріне негізделген еркін атмосфера болды.

Қатысушылар дресс-кодты шығармашылықпен қабылдады: көпшілігі табиғи маталардан тігілген киім киіп, деревня стиліне сай шляпа мен аяқ киім киіп келген. Гүлді өрнегі бар сарафандар, зығыр жейделер мен джинс шалбарлар да байқалды.

Фестиваль аумағында көще тағамы, сусындар мен маусымдық мәзір ұсынылған бірнеше алаң жұмыс істеді. Жергілікті дәмханалар өз өнімдерін таныстырды. Қонақтарға сұлулық қызметтері, шеберлік сабақтары мен ойын-сауық бағдарламалары да ұсынылды.

Ұйымдастырушылар көңіл көтеру жағын да назардан тыс қалдырмаған: би, байқаулар мен түрлі сыйлықтар мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль ашық аспан астында өтті. Қонақтардың айтуынша, шара күнделікті қала шуынан алшақтап, демалысты өзгеше, жаңа ортада өткізуге мүмкіндік берді.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

30 маусым, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.