
АҚШ-тың Айдахо штатында өрт сөндіру кезінде қарулы шабуылға ұшыраған екі өрт сөндіруші қаза тауып, тағы бірі жарақат алды. Күдікті шабуылшы оқиға орнында құқық қорғау органдары тарапынан жойылды. Бұл туралы АА хабарлады.
Өрт Айдахо штатының солтүстігінде орналасқан Кёр-д’Ален қаласының маңындағы Кэнфилд тауындағы табиғи саябақта шыққан. Тілсіз жау шамамен 25 акр орманды және жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын қамтыған.
Өртті сөндіруге барған арнайы топқа белгісіз адам оқ жаудырған. Оқиға орнында тұзақ болуы мүмкін деген күдікпен полиция араласқан. Аймаққа қосымша ФБР қызметкерлері мен SWAT арнайы жасағы жіберілді.
Айдахо штатының губернаторы Брэд Литтл қаза тапқандарды "нағыз батырлар" деп атап, тұрғындарды қауіпсіздік мақсатында оқиға болған аумаққа бармауға шақырды.
Кутеней округінің шерифі Роберт Норристің мәлімдеуінше, операция аяқталғаннан кейін таулы аумақтан қаруланған ер адамның мәйіті табылған.
ABC News мәліметінше, тергеу барысында қасақана өртеу нұсқасы да қарастырылып жатыр.
В Атырау +4