Атырау, 7 желтоқсан 12:01
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мақаттық оқушы табиғатты аялағаны үшін әкімнен алғыс алды

Бейнежазба
533 рет қаралды

Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысқан 2-сынып оқушысы Ерасыл Асқаровпен және оның ата-анасымен кездесті. Жас табиғат жанашыры көше бойындағы қоқысты жинап жүрген сәті бейнеленген видеосымен әлеуметтік желілерде танымал болды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болып, жылы пікірлерге ие болды.

Кездесу барысында әкім оқушының бастамасы тек өз құрдастарына ғана емес, ересектерге де үлгі екенін атап өтті. Қоғамдық белсенділігі мен қоршаған ортаға бейжай қарамағаны үшін Ерасылға алғыс хат пен велосипед табысталды.

Сондай-ақ, оның игі ісін әлеуметтік желіде жариялаған Мақат тұрғыны Ұлжан Шортбаеваға да гүл шоқтары мен алғыс хат табыс етілді.

30 маусым, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.