Атырау, 7 желтоқсан 08:51
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Желге ұшты: ​Мақат ауданының мерейтойына арнап салынған арка құлап қалды

449 рет қаралды

27 маусым күні Мақат ауданының құрылғанына 100 жыл толуына орай салынған Бәйгетөбе ауылына қарай бағытталған арка құлап, жерде жатыр.

- Бұл өткен жылы бюджет қаржысына салынған арка еді. Кім салса да сапасыз салынған. Екі жақ бағаналарының іргесі бір жыл болмай мүжіліп жатыр, цемент дұрыс құйылмаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Неге мердігерлер сапасыз жұмыс жасайды, бақылау неге жоқ? - дейді қоғам белсендісі Ғазиз ҒАБДУЛЛИН ашына. 

Бұл арканы жасау үшін 2024 жылы бюджеттен 3 млн теңгенің үстінде қаржы жұмсалған. Мердігер "АтырауЖарнама" ЖШС-і. 

Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Кенжебек МАХМУТҰЛЫ бұл арка қатты желдің салдарынан құлап қалды деп түсіндірді. Оның айтуынша, мердігер компания келіп қайтадан қалыпқа келтіру үшін жұмыстанып жатыр. 

Ауа райына төзімділігі неге қаралмаған деген сұрағымыз жауапсыз қалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 шілде, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.