Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сербияда студенттер жолдарды жауып, мерзімінен бұрын сайлауды талап етті

346 рет қаралды
Сурет: Marko Djurica / Reuters

Сербиядағы наразылар, оның ішінде студенттер әлеуметтік желілер арқылы елдің әр аймағында жолдар мен қиылыстарды толықтай жауып тастау басталғанын хабарлады. Олар бұрынғы наразылық акцияларында ұсталғандарды дереу босатуды және мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етуде, деп хабарлады Коммерсантъ.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, соңғы күндері азаматтар мен студенттердің жаппай тұтқындалуына байланысты бүкіл Сербия бойынша тұрғындар жолдар мен қиылыстарды жауып, талаптар орындалғанға дейін қозғалысты тоқтатады.

Белград қаласында 24 жерде жолдар жабылып, елдің 18 қаласында наразылық акциялары өтті. Протестілер көлік тораптарында пикеттермен қатар өтті.

28 маусым кешінде Сербияда студенттердің жаңа толқыны басталды. Демонстранттар мерзімінен бұрын парламент сайлауын тағайындауды талап етті. Белградта болған тәртіпсіздіктерде сегіз адам зардап шекті. Елдің ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, митингке барлығы 36 мың адам қатысты.

30 маусым, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.