Атырау, 7 желтоқсан 11:56
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шәпкенов: Жұбанов, Нұртаев және миллиардтаған теңгелік тендерлер жөнінде

686 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов орынбасары Қайрат Нұртаев пен Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановқа қатысы бар компанияға байланысты айыптауларға пікір білдірді.

Еске сала кетейік, бұл мәлімдемеге мүдделер қақтығысы болуы мүмкін деген күдік пен өңірдегі тендерлер бойынша бір ғана компанияның үстемдік етуі туралы жария пікірлер себеп болды.

Әкім барлық тексерістер заң аясында жүргізіліп жатқанын және мемлекеттік сатып алуларға қатысу үдерісі ашық әрі әділ өтетінін атап өтті.

«Орынбасарым Қайрат Нұртаев шынымен де кезінде Әділ Жұбановтың компаниясында жұмыс істеген. Мүмкін, Жұбанов сол кезде оның жұмысын бағалап, сол мекемеге шақырған болар. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша тексеру жүргізілуде. Қажет болса, заң аясында толық қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Шәпкенов.

Сондай-ақ ол өңірдегі барлық ірі тендерлерді «БатысАльянсСтрой» жеңіп жүр деген пікірмен келіспейтінін айтты: «Атырау облысында миллиардтаған теңгеге түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр, олардың жеңімпаздары — ондаған түрлі мердігер компаниялар. Мұны мемлекеттік сатып алулар сайтынан ашық тексеруге болады».

Шапкеновтің айтуынша, өңірлік органдардың әрекеттері заңмен реттеледі, ал кез келген компания, соның ішінде “БатысАльянсСтрой” да, ортақ ережелер арқылы жеңіске жетеді.

«Мемлекеттік қызметкер жеке қалауы емес, мемлекеттің мүддесі үшін әрекет етеді. Біз заңды сақтап, барлық үдерістің ашықтығын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қазіргі негізгі мәселелердің бірі — тендерді сапалы жұмыс істей алмайтын компаниялардың жеңіп алуы. Сондықтан барлық қатысушылар талаптарға сай болуы және өз жауапкершілігін сезінуі керек»,  деп түйіндеді облыс әкімі.

Айгүл МАНСУРОВА

30 маусым, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.