Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудың экс-әкімінің ұлы «Урал Ойл энд Газ» компаниясының басшысы болды

525 рет қаралды
Болат Досмұхамбетов. Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Ол қызметке Болат Досмұхамбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов таныстырды. 

Болат Досмұхамбетов Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітірген, геология ғылымдары және кен орындарын игеру магистрі (L'Institut National Polytechnique de Lorraine), MBA дәрежесі бар (KazGUU Business School and University of Business and International Studies). 

Ол әр жылдары Weatherford-да инженер-геофизик, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-да менеджер, Total S.A. компаниясының құрылымдық геология және седиментология департаментінде геолог, KMG Kashagan B.V. перспективті жобалар департаментінің директоры, CMOC B.V. бас директорының орынбасары, «Исатай Оперейтинг» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді. 

ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» наградасымен марапатталған. 2019 жылдан бері Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

30 маусым, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.