Атырау, 12 тамыз 15:38
 дождьВ Атырау +33.2
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

Атыраудағы жол апаты: төрт адам жарақат алды

584 рет қаралды

29 маусымда Атыраудағы Уалиханов пен Махамбет көшелерінің реттелетін қиылысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 15:00 шамасында Hyundai Elantra көлігінің 1982 жылғы жүргізушісі солға бұрылмақ болғанда, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Daewoo автобусына жол бермей, соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам: Hyundai Elantra көлігінің екі жолаушысы, бір жасөспірім және Daewoo автобусының бір жолаушысы жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Қазір оқиғаға қатысты материалдар жинақталып жатыр, жол апатының мән-жайы анықталуда.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

30 маусым 2025, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.