
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №79 мекемесінде Ұлттық домбыра күніне арналған ерекше мәдени шара өтті. Мерекеге орай сотталған азаматшалар бір мезгілде домбыра шертiп, дәстүрлі әндер орындады.
Ұлттық мұрамызды ұлықтап, рухани тәрбиені насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға 35 сотталған әйел қатысты. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдениетін танытып, домбырамен күй тартып, өз өнерлерін көрсетті. Олар күй шерту мен ән айту арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
— Бұл шара сотталған азаматшалардың рухани дамуына, мәдени дүниетанымын кеңейтуге оң әсерін тигізеді. Мұндай бастамалар түзету және қайта әлеуметтендіру үдерісінде маңызды рөл атқарады, — дейді мекеме бастығының орынбасары Марта Өтепова.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +1