Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АҚШ Жоғарғы соты Трамптың азаматтықты шектеу жарлығын қолдады

513 рет қаралды

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың туылған жері бойынша азаматтық құқығын шектеу туралы жарлығына төменгі соттардың тоқтату шешімдерін заңсыз деп танып, Трамптың жағына шықты. Бұл туралы Евронью́с хабарлады.

Елдің бас соты жергілікті соттардың бұл жарлықты АҚШ бойынша тоқтату кезінде өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады. Бұл жарлық «жер құқығы» деп аталатын, Америка жерінде туған балаларға автоматты түрде азаматтық беруді қамтамасыз ететін қағиданы шектейді.

Трамп Жоғарғы соттың шешімін «тарихи жеңіс» деп атады. Ол: «Ашық айтқанда, бұл демократияға үлкен қауіп төндірді. Төменгі соттар жеке істер бойынша шешім қабылдаудың орнына бүкіл елге заңды диктант жасады» деді.

Президент қызметіне кіріскен алғашқы күні Трамп заңсыз немесе уақытша тұрған шетелдіктердің Америкада туған балаларының азаматтық алу құқығын жоятын жарлыққа қол қойған. Оған қарсы ондаған штаттар АҚШ Конституциясының 14-ші түзетулерін бұзады деп шағымданды. Бұл түзетуге сәйкес, Америка жерінде туған кез келген адам азамат болып есептеледі. Көптеген судьялар жарлықты ел көлемінде уақытша тоқтатты.

Енді 30 күн ішінде төменгі соттар бұл тыйымдарды алып тастауға тиіс.

28 маусым, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.