
Атырау облысының әкімдігі Жайық өзені үстімен өтетін апатты жағдайдағы орталық көпірге қатысты екі нұсқаны қарастыруда: толығымен бұзу немесе күрделі жөндеу.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов хабарлады.
– Көпір апатты жағдайда тұр. Оның астынан жылу құбыры өтеді, бұл мәселені одан сайын қиындатып отыр. Қазір мамандар бұзу ма, әлде толық жөндеу ме, қандай жол тиімді болатынын зерттеп жатыр. Соңғы шешім сарапшылардың қорытындысынан кейін қабылданады, – деді аймақ басшысы.

Көлік қозғалысы сызбасын қайта жоспарлау
Сонымен қатар, көлік қозғалысы сызбасын өзгерту мәселесі де қарастырылуда. Қазіргі уақытта «Ақ Жайық» қонақүйі маңындағы айналма жолдың орнына әкімдік толыққанды көлік айырығын салу мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл шешім көпірге түсетін жүктемені азайтып, қаланың орталығындағы көлік қозғалысын жеңілдетеді деп күтілуде.
Көпірге – 60 жыл
Орталық көпір 1965 жылы салынған. Ал 1998 жылы тозығы жетті деп танылды. 1999 жылы тек жартылай жөндеу жүргізілген, содан бері ауқымды жұмыстар жасалмады. Соңғы жылдары тұрғындар саны мен көліктер көбейгендіктен, қозғалыс айтарлықтай артты.
2020 жылдың қаңтарында жылу құбыры тіректерінің ығысуына байланысты көпірде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған еді. Сол кезде жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау басталды. Алайда бүгінге дейін жоба мемлекеттік сараптамадан өтпеген, ал қаржыландыру бекітілмеген.
Бар үміт — техникалық сараптамада

Қазіргі таңда көпірдің тағдыры техникалық сараптама нәтижесіне байланысты. Сараптама аяқталғаннан кейін, құрылымды сақтап қалуға бола ма, әлде бұзып, жаңасын салу қажет пе, айқын болады.
Атырау тұрғындары көпірдің жай-күйіне көптен бері алаңдаулы. Бұл көпір қаланың басты көлік жолдарының бірі болғандықтан, кез келген кідіріс қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.
Атырау тұрғындары көпірдің қазіргі жағдайына көп уақыттан бері алаңдап келеді. Олар шешім қабылдаудың созылып кетуі қайғылы жағдайға әкелмесе екен деп үміттенеді. Себебі орталық көпір – қаланың негізгі көлік артерияларының бірі, сондықтан кез келген кідіріс қауіп төндіреді.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +1