Атырау, 7 желтоқсан 12:05
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Серік Шәпкенов қамыс жайында: «Әзірге бәрі келіссөз деңгейінде»

643 рет қаралды

27 маусым күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жергілікті журналистермен Yemaa арт-орталығында бейресми кездесіп, дөңгелек үстел форматында әңгіме өткізді. 

Шарада камералар болғанымен, әкім оны ресми брифингке айналдырмауды сұрады. Алайда журналистерде жиналып қалған сұрақтар тым көп болды.

«Ақ Жайық» газетінің тілшісі қамыстың жиі өртену мәселесін көтеріп, тұрғындардың апталап түтін мен күйік иісіне тұншығып жүргенін еске салды. Тілші бұл жағдайға байланысты "не істеліп жатыр, қандай шара қабылданды?" деген сұраққа  нақты жауап беруді талап етті.

Серік Шәпкенов бұл сұраққа: «Өртті сөндіруге арналған техника бар. Бірақ бұл мәселенің ұзақмерзімді шешімі әзірге жоқ», — деп жауап берді.

Оның айтуынша, қамысты қайта өңдеу бағытында бірқатар жобалар ұсынылған, бірақ ешқайсысы жүзеге аспаған. Бір жобаны жергілікті кәсіпкер Ибрагим Алиев ұсынса, тағы бір жоба қытайлық инвесторлар тарапынан болған. Алғашында отын өндіру, кейінірек қағаз шығару, енді мал азығы ретінде пайдалану жайы талқыланған. Алайда әкім атап өткендей, бұл ұсыныстардың бәрі тек сөз жүзінде ғана қалуда.

- Нақты шешім жоқ, — деді Шәпкенов.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

28 маусым, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.