Атырау, 28 желтоқсан 03:43
 қар жаууы ықтималВ Атырау -1
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қамыскөлде шомылуға қайта​ рұқсат берілді

822 рет қаралды

Бұған дейін санитариялық қызмет мамандары судың ластануына байланысты шомылуға уақытша тыйым салған болатын.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқарма мәліметінше, мамыр айында алынған су сынамаларынан санитарлық-бактериологиялық, санитарлық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштердің шекті мөлшерден асып кеткені анықталған. Сол кезде көлде шомылу жұқпалы және паразиттік ауруларға шалдығу қаупі жоғары болған.

— 20 маусым күні мамандар қайтадан су сынамаларын алды. Қазіргі таңда санитариялық-бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер нормаларға сәйкес келеді. Осыған байланысты Қамыскөлде шомылуға қайта рұқсат берілді, — деді Жылыой аудандық СЭББ бақылау бөлімінің басшысы Талғат Хабибуллин.

Еске сала кетейік, аудандағы ашық су айдындарындағы су сапасына мониторинг тоқсан сайын жүргізіледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 маусым, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.