
Мемлекеттік табиғи «Ақжайық» қорығы спорттық-әуесқой балық аулау маусымының ашылғанын хабарлады.
2025 жылғы 30 маусымнан бастап буферлік аймақта — Рыбоходный және Приморский арналары аумағында балық аулауға рұқсат етіледі.
Балық әуесқойлары табиғат аумағына барып, арнайы белгіленген жерлерде ұйымдастырылған балық аулау шарасына қатыса алады. Шара қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес өткізіледі.
Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарына алдын ала толық мәліметті төмендегі мекенжай бойынша анықтап алу ұсынылады:
Атырау қ., 3 Кабдолов көшесі, 25 үй.
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 (13:00-14:00 үзіліс).
Телефон: 8 (7122) 45-72-11 (ішкі нөмір 105).
В Атырау +1