Атырау, 23 қараша 17:36
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ: Химиялық қару туралы талапты бұзған ел жауап береді

3 172 просмотра

Ақ үй, Вашингтон, АҚШ.Ақ үй, Вашингтон, АҚШ.АҚШ Сирияға қарсы әскери операцияны Ұлыбританияның қатысуынсыз-ақ, жалғыз өзі жүргізе алады. Бұл туралы бейсенбі күні кешке Ұлыбритания парламенті Сирияға әскери операцияға бастауға қарсы шешім қабылдаған соң АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кэйтлин Хэйден мәлімдеді.

Әйткенмен «АҚШ бұл мәселеге байланысты Ұлыбританиямен кеңесіп отырады» деді ол. Ақ үй өкілінің айтуынша, президент Барак Обама Сирияға қатысты шешім қабылдағанда АҚШ-тың мүддесін басшылыққа алатын болады.

«Президент қазіргідей жағдайда АҚШ-тың негізгі мүдделері таразыға салынып отыр деген пікірде, және химиялық қаруды қолданбау туралы халықаралық талаптарды бұзған елдер ол үшін жауап берулері керек деп санайды» деді Хэйден.

Сәрсенбіде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Сирия қатысты мәжіліске жиналып, келісімге келе алмаған. Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге Ресей қарсылық танытып отыр.

21 тамызда Дамаск маңында болған қақтығыста химиялық қару қолданылып, 350-ге тарта адам қаза тапқан еді. Тағы 1300-ге тарта адам уланып, ауруханада жатыр. Сириялық көтерілісшілер химиялық қаруды Башар Асад үкіметі қолданды деп айыптайды. Дамаск оны жоққа шығарады.

Дереккөз: azattyq.org

30 тамыз 2013, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.