Атырау, 5 желтоқсан 09:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Үш кербез» мүсіні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының алдына қайтарылады

647 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов журналистермен өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, мүсінді қайта қалпына келтіріп, субұрқақпен бірге бұрынғы орнына — Жилгородоктың ғана емес, жалпы қаланың ажырамас келбетіне айналған алаңға қайтару туралы шешім қабылданған.

- «Үш кербез» мүсіні — Атыраудың сәулеттік және мәдени келбетінің маңызды бөлігі. Реставрациядан кейін ол Мәдениет сарайының алдына қайта орнатылады, — деді Шәпкенов.

Айта кетейік, бұл композиция 1960 жылдардан бері алаңды көріктендіріп, Жилгородоктың бейресми символына айналған еді. Алайда жақында мүсін алынып, Ретро-паркке көшірілді. Сол кезде оның орнына заманауи инсталляция — домбыра пішініндегі субұрқақ орнату мәселесі көтерілген. Алайда бұл бастама тұрғындардың наразылығын туғызды. Өйткені бұған дейін «Үш кербезді» қайта қалпына келтіруге ондаған миллион теңге бөлінгенімен, субұрқақ сол күйі іске қосылмаған болатын.

Қала тұрғындары бұл ескерткішті қорғап, әлденеше рет өз пікірлерін білдірген. Енді, міне, олардың пікірі ескерілген сыңайлы. Мүсінді қайтару — жай ғана бір нысанды қалпына келтіру емес, бұл — қаланың тарихи келбетіне, оның мәдени мұрасына және тұрғындардың пікіріне көрсетілген құрмет.

Мүсінді нақты қашан қайта орнататыны әзірге белгісіз. Дегенмен облыс әкімінің бұл шешімі — жарты ғасыр бойы тұрған өз орнына «Үш кербез» бен субұрқақтың қайта оралып, жаңа тыныс алатын күн алыс емес екенін аңғартады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

27 маусым, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.