
Жапонияда соңғы үш жыл ішінде алғаш рет өлім жазасы орындалды. «Твиттердегі қанішер» атанып кеткен Такахиро Сираиси дарға асылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Коммерсантъ.
Сираиси 2017 жылы Канагаваның Зама қаласындағы пәтерінде сегіз әйел мен бір ер адамды буындырып өлтіріп, денелерін бөлшектеген. Ол құрбандарын әлеуметтік желілер арқылы тауып отырған. Жантүршігерлік бұл қылмыс Жапонияда үлкен қоғамдық резонанс тудырған еді.
Елдің Әділет министрі Кэйсуке Судзуки өлім жазасын орындау туралы шешімді "аса өзімшілдікпен жасалған, қоғамда үлкен дүрбелең туғызған қылмыстарды" ескере отырып қабылдағанын мәлімдеді.
Жапонияда өлім жазасы дарға асу арқылы орындалады. Сотталған адам бұл туралы бірнеше сағат бұрын ғана хабардар етіледі. Қазіргі таңда елде өлім жазасына кесілген 105 адам бар.
В Атырау +4