Атырау, 7 желтоқсан 12:01
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​1 шілдеден бастап Атырауда жылу жеткізуші ауысады: тұтынушылар нені білуі керек?

790 рет қаралды

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Атырау қаласында жылу энергиясын жеткізетін жаңа мекеме — «Атырау жылу жүйелері» ЖШС болады. Бұған дейін бұл қызметті көрсетіп келген «Атырау жылу электр орталығы» (АЖЭО) жылумен қамту жұмысын тоқтатады. Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» ЖШС әкімшілігі хабарлады.

Барлық тұрғындар автоматты түрде «Атырау жылу жүйелері» ЖШС-нің абоненті ретінде есептеледі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай жағдайда қосымша келісімшарт жасау талап етілмейді.

Егер тұтынушының АЖЭО алдында берешегі болса, 1 шілдеден бастап бұл қарызды өндіріп алу құқығы «Атырау жылу жүйелеріне» өтеді. Енді осы мекеме бұрынғы және қазіргі төлемдерге толық жауапты болады.

27 маусым, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.