
Атырауда полиция департаменті мен «Сергек» бейнебақылау жүйесі бірлесіп «Адал азамат» атты әлеуметтік эксперимент ұйымдастырды.
Эксперименттің мақсаты – қала тұрғындары арасында адалдық пен тәртіпті насихаттау. Шара аясында қаланың орталық көшелерінің бірінде әмиянды әдейі «түсіріп», жасырын камералар кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың реакциясын бақылады: бірі тауып алып қайтарды, енді бірі елемей өтіп кетті, тағы бірі ойланып тұрып қалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар азаматтық жауапкершілікті еске салумен қатар, қоғамдағы моральдық маңызды мәселелерді де көтеруге сеп болады.
В Атырау +1