Атырау, 7 желтоқсан 12:01
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​ҰБТ тапсыру міндетті емес: Атыраудағы ЖОО филиалы 100 білім грантын бөліп отыр

626 рет қаралды

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы 2025–2026 оқу жылына 100 білім грантына құжат қабылдауды бастады.

Білім беру бағдарламалары мен грант саны:

  • 6В07208 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ құбырлары мен сақтау қоймаларын салу және пайдалану – 50 грант

  • 6В07207 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ технологиялары – 25 грант

  • 6В07209 – Мұнай-газ ісі. Кен орындарын геологиялық модельдеу – 25 грант

Құжаттар Атырау қаласында қабылданып, конкурс жазбаша емтихан нәтижесі бойынша жүргізіледі. Үміткерлер математика және орыс тілі пәндерінен кемінде 40 балл жинауы қажет. Айта кету керек, бұл конкурсқа қатысу үшін ҰБТ сертификаты талап етілмейді.

Филиал сондай-ақ ақылы оқуға да мүмкіндік береді. Оқу ақысы университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі.

Грант жеңіп алған студенттер:

  • Қазақстан мен Ресейдің жоғары дәрежелі профессорларының дәрістеріне қатысады;

  • Өндірістік компаниялармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады;

  • И.М.Губкин атындағы университеттің дипломын иеленеді.

Байланыс:  +7 775 391 83 94.  Атырау қаласы, Мұса Баймұханов көшесі, 45А

26 маусым, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.