
2025 жылғы 27 маусымда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Атырау қаласының сол жағалауындағы Кардиологиялық орталық маңындағы көпір астындағы автожол учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» ЖШС хабарлады.
Жолдың жабылуы жылу желілерінің жер үсті құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жүзеге асырылады.
Коммуналдық қызмет өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
В Атырау +1