
Атырау облысы әкімінің өкімімен Серік Саматұлы Әміров облыстық Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Серік Әміров 1979 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол Д.И. Курский атындағы Саратов мемлекеттік құқық академиясында білім алған. Сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Executive MBA бағдарламасы бойынша «Іскерлік басқару» магистрі дәрежесін иеленген. Сонымен қатар Ұлыбританиядағы Canterbury Christ Church University-де тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын Ақтөбе облысының прокуратура органдарында бастаған. Кейін Атырау мен Маңғыстау облыстарында әртүрлі лауазымдар атқарған. «Атамекен» ҰКП құрылымында да басшылық қызметте болған.
2024 жылдың ақпан айынан бері Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
В Атырау +1