Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«ҚазМұнайГаз» 2024 жылға 300 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі

579 рет қаралды
Сурет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ) 2024 жылға арналған дивидендтерді акционерлерге төлеу туралы хабарлады. 2025 жылғы 25 маусымда төленген дивидендтердің жалпы сомасы 300 001 855 903,03 теңгені құрады.

Компания акционерлерге бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін 491,71 теңге деп белгіледі. Дивиденд төлеу кезеңі 2024 жылды қамтиды.

Акция ұстаушылар тізілімін бекіту күні 2025 жылдың 30 мамырында сағат 00:00-де аяқталды. Бұл төлемдер ҚМГ акционерлерінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 2/2025 шешімі негізінде жүзеге асырылды.

Дивидендтер төленуі компанияның тұрақты қаржылық көрсеткіштері мен акционерлердің мүдделерін ескергендігінің айқын дәлелі болып табылады. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы әрі қарай да тиімді жұмыс жасап, экономиканың негізгі секторын дамытуға атсалысуды жоспарлап отыр.

26 маусым, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.