Атырау, 7 желтоқсан 12:01
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды

692 рет қаралды

Атыраудағы жоғары оқу орындары 2025-2026 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін шығармашылық емтихандарды бастап кетті. Бұл туралы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов брифинг барысында хабарлады.

Ректордың сөзінше, университетте 8 мыңнан астам студент білім алады, ал биыл шамамен 2 мың түлек оқуын тәмамдайды. Олардың көпшілігі өңірге қажетті педагог мамандықтарына дайындалуда.

Университетте 75 бакалавр және 40-тан астам магистрлік бағдарлама бар. Соңғы жылдары білім беру жүйесіне заманауи өзгерістер енгізіліп, «Жасанды интеллект негіздері» сияқты жаңа пәндер қосылды. Сонымен қатар, Атырау университеті әлемнің 80-нен астам жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Биыл қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері білімдерін аяқтайды. Бұл бағдарлама Нигде Омер Халисдемир университетімен бірлесіп жүзеге асырылып, студенттердің дипломдары екі елде де заңды күшке ие болады.

Облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Дина Стамғалиның айтуынша, бакалавриатқа түсу үшін 78 мыңнан астам грант бөлінген. Ең басым бағыттар – инженерлік, педагогикалық, IT және жаратылыстану ғылымдары.

ҰБТ қорытындысы бойынша түлектердің 65%-ы шекті балл жинаған, ал облыстағы орташа балл – 62. Грант конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Сонымен қатар 1500 нысаналы грант пен облыс әкімінің гранттары да қарастырылуда.

Талапкерлер үшін құжаттар қабылдау мерзімі 20 маусымнан 25 тамызға дейін жалғасады.

26 маусым, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.