
Пермь өлкелік соты фотограф және музыкант Григорий Скворцовты Ресей Қылмыстық кодексінің 275-бабы бойынша — мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 16 жылға бас бостандығынан айырды. Прокуратура оған 18 жыл жаза сұраған болатын, деп хабарлайды BBC News.
Скворцовтың үстінен іс қозғауға оның кеңестік бункерлер туралы кітапты америкалық журналиске жіберуі себеп болған. Аталған кітап ашық сатылымда болғанына қарамастан, ФСБ оны құпия ақпарат таратты деп таныған.
Әңгіме «Советские „Секретные бункеры": городская специальная фортификация 1930-1960-х годов» деп аталатын тарихшылар Дмитрий Юрков пен Сергей Полетаевтың еңбегі туралы болып отыр. Кітапта құпия нысандар, соның ішінде «Метро-2» туралы деректер бар.
Скворцов бұл кітапқа қоса, архивтік фотосуреттер мен сызбаларды да жібергенін мойындады. Оның айтуынша, бұл әрекеті қоғамға пайдалы болсын деп жасалған және ақы алу ниеті болған. Алайда материал жарияланбай қалған — ФСБ журналисті де ұстап, материалдың жарық көруіне тыйым салған.
Қамау кезінде Скворцов ФСБ тарапынан күш қолдану мен қысымға ұшырағанын айтады. Ол кінәсін мойындамады және мемлекеттік құпияны әдейі таратпағанын мәлімдеді.
«Бұл мәліметтер онсыз да интернетте еркін таралып жүр. Құпиялыққа жатпайды», — дейді ол.
Скворцов – өнер мен индустриялық музыка саласында танымал тұлға. Ол Пермь қаласында Jagath атты топтың негізін қалап, руфингпен (биік нысандарға шығу) де айналысқан. Бұған дейін оның Пермь телемұнарасының антеннасында өткен үйлену фотосессиясы ел назарына іліккен болатын.
Қазіргі уақытта жақтастары Скворцовты тұтқындармен алмасу арқылы босату үмітін білдіруде.
В Атырау +4