
Хижра бойынша 1447 жылдың басталуына орай Сауд Арабиясы Қағбаның жамылғысын жаңартты, деп хабарлайды АА.
Сауд Арабиясының әл-Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінің (әл-Мәдинадағы әл-Нәбәуи мешіті) істері жөніндегі Бас басқарма мәлім еткендей, Қағбаның жамылғысы 25 маусым күні кешке жаңасына ауыстырылды. Бұл жұмыстарды 154 маманнан құралған арнайы топ орындады.
Ауыстыру процесі бірнеше сағатқа созылып, жалпы салмағы 1415 кг болатын 47 бөлек элемент пайдаланылды. Жаңа жамылғыны тігуге шамамен 825 кг таза жібек, 180 кг алтын мен күміс жұмсалған.
Ескі қисуа (жамылғы) зәмзәм суымен жуылып, кейін ислам елдеріндегі мұражайларға көрме ретінде жіберіледі.
Жамылғыда Қасиетті Құран аяттары алтын және күміс жіптермен кестеленген.
Қағбаның жамылғысы Меккеде орналасқан Патша Абдулазиз атындағы қисуа өндіру кешенінде тігіледі. Бұл кешенде шамамен 200 шебер мен әкімшілік қызметкері жұмыс істейді.
Сол жерде ұзындығы 16 метр болатын әлемдегі ең үлкен компьютерлендірілген тігін машинасы орнатылған.
Бұрын Сауд Арабиясы Қағбаның қисуасын Зүл-хижжа айының 9-күні, яғни Арафа күнінде ауыстыратын. Алайда 2022 жылдан бастап бұл дәстүр өзгертіліп, мұсылман күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталатын Мухаррам айының бірінші күні жаңарту дәстүрге айналды.
В Атырау +4