
25 маусым күні Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылдық округі аумағында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Махамбет балық инспекциясы бөлімі мен ауылдық округ әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Құтқару жұмыстары Атырау – Орал тас жолы бойында орналасқан, 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде су жайылған аумақта өтті. Қазіргі таңда бұл жерлер бөлшектеніп, шабақтарға қауіп төндірген күйде қалып отыр.
- Инспекторлар мен әкімдік қызметкерлері жайылма суда қалып қойған шабақтарды ау құралдары арқылы сүзіп, Жайық өзеніне қайта жіберді. Нәтижесінде, 200 мың дана мөңке балығының шабағы тірі күйінде табиғи мекеніне оралды. Құтқару жұмыстарына 8 адам мен 1 автокөлік тартылды. Құтқару шаралары әлі жалғасуда, - деді инспекция.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +1