27 тамызға қараған түні Исатай ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам қаза болды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, сағат 00.30-да Астрахан – Атырау – Ақтөбе көлік тас жолының 742-ші шақырымында Манаш ауылына жақын маңда Құрманғазы ауданы Бірлік селосының 29 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Форд Галакси» көлігі аударылған. Ол көлік рөліне ие бола алмай қалыпты.
Апат салдарынан сол жерде екі жолаушы – 35 жастағы Ресей Федерациясының тумасы (Астрахан облысы Камызяк қаласы) мен украиндық Днепропетровск қаласының 59 жастағы тумасы көз жұмды. Тағы бір жолаушы – 36 жастағы ресейлік азамат (Камызяк қаласы) ауыр жарақаттармен Исатай аудандық ауруханасына жеткізіліп, көп кешікпей қайтыс болды. Жалғыз ғана тірі қалған таксистке медициналық көмек қажет болмады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суреттерді Елдос Имановұсынды