Атырау, 12 ақпан 07:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

KAZENERGY қауымдастығында кадрлық өзгерістер болды

580 рет қаралды

Қазақстандағы мұнай-газ және энергетика салаларының ұйымдарын біріктіретін KAZENERGY қауымдастығында кадрлық өзгерістер орын алды.

Қауымдастың атқарушы директоры болып мұнай-газ саласын дамыту департаментінің бұрынғы директоры Рүстем Серғазиев тағайындалды. Ол осы лауазымға дейін Данияр Нәсіпов қызмет атқарған болатын.

Енді Данияр Нәсіпов қауымдас төрағасының мұнай-газ саласын дамыту және аналитикалық сүйемелдеу жөніндегі кеңесшісі лауазымына ауысты. Бұған дейін ол KAZENERGY-дің атқарушы директориясын басқарған.

KAZENERGY қауымдастығы 2005 жылғы 2 қарашада құрылған және мұнай-газ өнеркәсібі, электроэнергетика мен атом энергетикасы саласындағы еліміздің 70 ірі компаниясын біріктіреді. Қауымдастың басты мақсаты — Қазақстанның энергетика секторын тұрақты және теңгерімді дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ жаһандық энергетикалық және экологиялық өзгерістер жағдайында осы саланың дамуын қамтамасыз ету.

25 маусым 2025, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.