
«Атырау облысы Су арнасы» КМК хабарлағандай, 2025 жылғы 25 маусым күні сағат 14:30-дан 21:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.
Бұл шектеу «Алмагүл» көтермелі сорғы станциясындағы диаметрі D-225 мм құбыр түйісіндегі ақауды жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Жөндеу кезінде 16 қабатты тұрғын үйлер, оған жақын орналасқан ғимараттар мен әлеуметтік нысандар, соның ішінде перзентхана да сусыз қалады.
В Атырау +1