
Атыраудағы бұрынғы қонақ үй ғимаратын TEXOL компаниялар тобының иесі, кісіпкер Шота Абхазава сатып алды. Компанияның баспасөз қызметі өртеніп кеткен ғимараттың орнында халықаралық деңгейдегі қонақ үй-коммерциялық кешен пайда болатынын растады.
Алдын ала белгілі болған инвестицияның көлемі - шамамен 250 миллион АҚШ доллары. Архитектуралық жобаны италиялық мамандар әзірлеп жатыр.
Жаңа кешеннің жобасында бес жұлдызды қонақ үй, сауда-ойын-сауық аймағы, апартаменттер, кеңселер және паркинг қарастырылады. Кафе, көлік тұрағы және айналадағы басқа да нысандар бір архитектуралық композицияға енеді.
Анығын айтқанда, Шота Абхазава - Атырау вагон құрылысы зауытының иесі, автоспорт инженері және халықаралық тәжірибесі бар кәсіпкер.
Фуникулер бола ма деген сұраққа баспасөз қызметі бұқпантайлап жауап берді: "Бәрі жобалаушылардың қиялына байланысты".
Қазір топыраққа сараптама жүргізіліп жатыр - оның нәтижесінде ғимарат неше қатарлы болатыны анықталады. Бірақ компания амбицияларын жасырған жоқ: ғимаратты Атыраудағы ең биік, тіпті, бүкіл Қазақстандағы ең биік ғимарат болады деп жоспарлап отыр. Дегенмен, сәл шыдасақ, жобаны ресми түрде 2025 жылдың тамыз айында таныстырады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +1