Атырау, 8 шілде 17:11
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

ҚМГ бұрынғы басшысы «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-не басшы болды

378 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Алик Айдарбаев «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-нің бас директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Басылым дереккөздері оның кандидатурасы «Лукойл» компаниясы тарапынан келісілгенін айтады. «Energy Monitor» ҚҚ басшысы Нұрлан Жумағұловтың айтуынша, Айдарбаев бұл лауазымға 1 шілдеден бастап кіріседі. Бір жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» тарапынан басшы қызметіне ротация болуы мүмкін.

«Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС 2023 жылдың ақпан айында тіркелген және Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру бойынша жұмыс атқарады.

Еске салайық, бұған дейін Айдарбаев Ресейлік «Лукойл» компаниясының тағы бір еншілес ұйымы – «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия» компаниясындағы қызметке тағайындалғаны туралы хабарланған еді. Ол 2022 жылдың 11 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының қызметінен кеткен. Айдарбаев бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі болған.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

24 маусым, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.