Атырау, 8 шілде 17:12
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

​Атыраулық 283 оқушы Железноводск қаласында​ғы пансионатта демалуда

386 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысынан 283 мектеп оқушысы Ресей Федерациясының Железноводск қаласында орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына демалуға аттанды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Балалар пансионатта демалыспен қатар медициналық тексеруден өтіп, кәсіби мамандардың бақылауымен түрлі сауықтыру шараларын қабылдайды. Сонымен қатар олар танымдық бағдарламалар мен спорттық жарыстарға қатысып, Кавказ аймағындағы танымал бес қаланың мәдениетімен танысады.

— Пансионат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда арнайы емдік корпустар, 250 орындық асхана, балаларға арналған бес мезгілдік тамақтану, спорт алаңдары және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 29 бейнебақылау камерасы бар, — деді «Қазақстан геологі» емдеу пансионатының директорының міндетін атқарушы Шолпан Есқалиева.

Айта кетейік, биыл жазда облыс бойынша 1530 баланың демалысы ұйымдастырылмақ. Қазіргі таңда 256 бала лагерьде демалып қайтқан.

24 маусым, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.