Атырау, 7 желтоқсан 12:05
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Ақжайық» резерватындағы қамыс өрті толық сөндірілді

396 рет қаралды

Атырау облысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында болған қамыс өрті толықтай сөндірілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тілсіз жау 1510 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіру жұмыстары бірнеше күнге созылды.

Өртті ауыздықтауға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі МИ-8 тікұшағы тартылып, барлығы 400 тоннаға жуық су төгілген. Сонымен қатар, өрттің таралуына жол бермеу мақсатында тракторлармен арнайы минералды қорғаныс жолақтары жүргізілген.

Өртті сөндіруге барлығы 200-ге жуық адам мен 40 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта резерват аумағында өрттің қайта тұтану қаупінің алдын алу үшін ТЖД, полиция және қорық қызметкерлері кезекшілік етуде.

24 маусым, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.