Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Израиль Иранды бітім режимін бұзды деп айыптады

398 рет қаралды

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранды АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған атысты тоқтату режимін бұзды деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Иран Израиль аумағына зымырандар атқан, деп хабарлайды АА.

Осыған байланысты министр Кац Израиль армиясына Тегеранға жаппай соққы беруді тапсырды. Оның айтуынша, премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен бірлесіп, Израиль үкіметі бітім талаптарын бұзған кез келген әрекетке қатаң жауап беру туралы шешім қабылдаған.

Ираннан атылған зымырандарға байланысты Израиль билігі мен оппозициясы бірдей жауап қайтару қажеттігін алға тартты.

Қаржы министрі Бецалель Смотрич әлеуметтік желіде: «Тегеран тітіркенуі тиіс» деп жазса, оппозициялық «Біздің үй – Израиль» партиясының жетекшісі Авигдор Либерман: «АҚШ президенті бітім жариялағаннан кейін үш жарым сағаттан соң Иран оқ жаудырды. Біз мұндайға төзе алмаймыз, шегінуге болмайды, дереу жауап беруіміз керек», – деді.

Израиль армиясы да атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен кейін Иран аумағынан зымыран ұшырылғанын растады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасында бітімге қол жеткізілгенін және оның таңертең күшіне енгенін мәлімдеген еді.

24 маусым, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.