Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Нафтогаз» арбитражда «Газпромды» жеңіп шықты​

433 рет қаралды

Украинаның «Нафтогаз» ұлттық компаниясы Ресейдің «Газпром» компаниясына қарсы халықаралық арбитражда жеңіске жетті. Швейцарияда өткен сот процесінің қорытындысы бойынша, арбитраждық трибунал «Газпромды» 1,37 миллиард доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

«Нафтогаз» басшысы Сергей Корецкийдің айтуынша, 2022 жылдың мамырынан бастап «Газпром» транзиттік келісімшарт талаптарын бұзып, «take or pay» қағидасы бойынша төлем жасаудан бас тартқан. Осыған байланысты «Нафтогаз» 2022 жылдың қыркүйегінде арбитраж бастамасын көтерді. Ресейлік компания бұл процеске кедергі жасауға тырысқанымен, нәтиже шықпады.

Сотта Швеция, Швейцария және Израиль өкілдерінен құралған арбитрлер «Нафтогаз» талаптарын толық қолдап, шешім шығарды. Енді украиналық компания осы шешімді орындауды қамтамасыз етуге кіріседі.

24 маусым, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.