
Атырау облысында 23-28 маусым аралығында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілуде. Бұл бастама облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жобаның мақсаты – халықпен тығыз байланыс орнатып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және туындаған мәселелерге заң шеңберінде жауап беру. Қабылдауға прокуратура қызметкерлерінен бөлек, құқық қорғау органдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Білім басқармасы және Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері де тартылған.
Тұрғындар еңбек құқығы, жер дауы, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікке байланысты кедергілер және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініш білдіруде. Әрбір шағым жеке қарастырылып, тиісті құқықтық түсіндірме берілуде.
Облыстық прокуратура бұл шараның мақсаты – халыққа барынша қолжетімді әрі ашық құқықтық кеңістік қалыптастыру екенін атап өтті. Азаматтардың құқықтарын қорғау мен заң үстемдігін қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі.
Айта кетейік, бұл іс-шара алдағы күндері облыс аудандарында жалғасын табады.
В Атырау +1