
2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Жылыой», «Аққұдық» және «Солтүстік-2» учаскелерінде жүзеге асырылатын күрделі көмірсутек жобалары бойынша тікелей келіссөздердің нәтижесінде үш келісімшартқа қол қойды. Құжаттар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық компанияларымен жасалды.
Барлау кезеңіндегі жоспарланған инвестиция көлемі шамамен 23,7 миллиард теңгені құрайды.
Жобалар аясында келесі жұмыстар жүргізіледі:
-
550 шаршы шақырым аумақта 3D сейсмикалық зерттеулер (дала жұмыстары, деректерді өңдеу және талдау);
-
Кемінде 7 000 метр тереңдікке дейін үш тәуелсіз барлау ұңғымасын бұрғылау және кемінде 5 000 метр болатын екі тәуелді ұңғыманы бұрғылау;
-
Қосымша зерттеулер нәтижесіне қарай, «Жылыой» учаскесінде тереңдігі 4 500 метрге дейінгі бір тұзасты ұңғыманы бұрғылау және қосымша 3D сейсмикалық зерттеу жоспарланып отыр.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының стратегиялық серіктесі – Қазақстан нарығына алғаш рет инвестиция салып отырған Қытайдың ірі CNOOC корпорациясы.
Ал «QazaqGaz» ұлттық компаниясының серіктестері – қазақстандық «ҚазАзот» АҚ және «ҚОР Мұнай Компаниясы» АҚ.
В Атырау +4