Атырау, 7 желтоқсан 12:03
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Береке ықшамауданында еркек қызды ұрып кетті

615 рет қаралды

Атырауда таңғы бес шамасында Береке ықшамауданындағы үйлердің біріндегі подъезде ер адам ниқаб киген қызды ұрып-соғып кетті.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, ондағы кадрлар қазір әлеуметтік желіде кең таралып жатыр.

Видеода ер адамның қыздың басынан ұрғанын, содан кейін қыздың құлағанын анық көруге болады. Соған қарамастан, қызға ұрынған еркек оны қайтадан ұрып-соғады. Осыдан кейін ол қиналып жатқан қызға көмек көрсетпей, өзі жәй оқиға орнынан бойын тасалап кетеді. Біраз уақыт өткеннен кейін қыз да кетіп қалады. 

Зардап шеккен қыздың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ, полициядан ресми ақпарат түскен жоқ.

Айгүл МАНСУРОВА

24 маусым, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.