Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АМӨЗ қамыс өрті мен ауа ластануына қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды

838 рет қаралды

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған кәсіпорынның «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыс өрті мен ауа ластануына қатысы бар деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 13–19 маусым аралығында кәсіпорын тұрақты технологиялық режимде, апаттық тоқтаусыз және өндірістік ақаусыз жұмыс істеген. Бұл кезеңде қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылмаған және газдарды алау жүйесіне бағыттау әрекеттері тіркелмеген.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 13–16 маусым аралығында өңірде оңтүстік-батыстан жел соққан. Ал 13 маусым күні сағат 13:50-де Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өрті тіркелген. 16 маусымға қараған түннен бастап желдің бағыты солтүстік және солтүстік-батысқа, яғни қаладан зауытқа қарай ауысқанымен, АМӨЗ бұл уақытта да штаттық режимде жұмыс істеп тұрған.

Кәсіпорын өкілдері зауыттың барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейтінін мәлімдеп, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Қазіргі уақытта зауытта өндірістік процесс қалыпты жағдайда жалғасып жатыр, жұмыс кестесінде іркілістер жоқ.

23 маусым, 20:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.