Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда ірі мұнай-газ жобалары мен отандық өндірушілер арасында B2B кездесулер өтті

414 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Атырау қаласында 2025 жылғы 16–18 маусым аралығында жергілікті мазмұнды дамыту мақсатында қазақстандық өндірушілер мен ірі мұнай-газ жобалары (ТШО, ҚПО, НКОК) өкілдері арасында B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шараны Өнімді бөлу туралы келісімдердегі уәкілетті орган – «PSA» ЖШС мен IMB орталығы бірлесіп өткізді. Бұл бастама бұған дейін жасалған меморандумдар аясындағы өзара ынтымақтастықты нақты келісімшарттарға айналдыруды көздейді.

Кездесулер қазақстандық тауар өндірушілер мен мұнай-газ саласындағы ірі операторлар арасында тікелей байланыс орнатып, серіктестікті нығайтуға жол ашты. Энергетика министрлігі жергілікті қамтуды қолдауға бағытталған бұл жұмысты жалғастыра беретінін хабарлады.

23 маусым, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.