Атырау, 7 желтоқсан 12:03
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Соколок каналындағы бөгет құрылысы 70%-ға аяқталды

497 рет қаралды

Атырау облысында Соколок каналындағы ірі инфрақұрылымдық жобаның құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Жайық өзенінен Каспий теңізіне дейінгі аралықта ұзындығы 33 шақырым болатын бөгет бой көтерді. 

Бөгеттің биіктігі — 3 метр, ені — 6 метр. Сонымен қатар канал арнасы 15-50 метрге дейін кеңейтіліп, түбі 2 метрге тереңдетілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Каналдың басты мақсаты — су тасқыны кезеңінде Жайық өзенінен келетін артық суды Атырау қаласына жібермей, тікелей Каспийге бағыттау. Бұған дейін канал болғанымен, оны бекітіп тұратын бөгет болмаған.

Жобаның жетекшісі Нұрлан Нұрбаевтың айтуынша, жұмыстар 1 наурызда басталған және желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 25 техника мен 57 жұмысшы тәулік бойы кезекшілікпен еңбек етуде. Жақын маңда орналасқан шаруалар бөгеттің салынуына ризашылықтарын білдіруде, себебі ол су тасқыны кезінде олардың шаруашылығы мен малдарын қорғауға мүмкіндік береді.

Құрылысты «Строй Статус КЗ» ЖШС жүргізуде. Айта кетейік, Соколок каналының жалпы ұзындығы — 43,6 шақырым.

23 маусым, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.