Атырау, 5 желтоқсан 07:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда 30 мың теңге алажағы үшін ер адам аяусыз соққыға жығылды

503 рет қаралды
Көрнекі сурет

Жергілікті тұрғын Руслан Жолмағанбетов үйінің алдында соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті. 

Жұбайы Анаргүл Мугзарованың айтуынша, Русланға бұрынғы әріптесі шабуыл жасаған. Оның Русланға 30 мың теңге бережағы болған екен.

- Руслан оны үйдің алдынан көріп, қарызын қайтаруды сұрады. Ал ол оған жұдырық ала жүгірді, – дейді Анаргүл.

Соққыдан зардап шеккен Русланның өңеші ауыр жарақаттанып, медиастинит басталған. Қазір ол реанимацияда, тыныс алу аппаратына қосылған.

Анаргүлдің айтуынша, бұл оқиға балалардың көз алдында болған. Қызында ұстама басталып, ұлы қатты қорқып қалған, оның жүрегінде проблема бар екен.

Полицияның хабарлауынша, 18 маусымда қылмыстық іс тіркелген. Күдікті — 1985 жылы туған ер адам ұсталып, қамауға алынған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.

Айгүл МАНСУРОВА

23 маусым, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.