
18-23 маусым күндері аралығында Құрманғазы ауданында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілді.
Сафон және Нұржау ауылдық округтерінің аумағында, көктемгі тасқын суынан кейін жеке көлшіктер мен сайларда қалып қойған 369 мыңнан астам дана шабақты мамандар ау құралдарының көмегімен құтқарып, тіршілікке қолайлы табиғи орта — Шарон өзеніне жіберді.
Құтқарылған балықтардың ішінде сазан, мөңке, шортан, қаракөз және табан тәрізді балық түрлерінің шабақтары бар. Жұмыс барысында 22 адам, 4 техника жұмылдырылып, 129 м³ сай қазылып, 771 м² аумақтағы шөп шабылды.
- Құтқару жұмыстары Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің қадағалауымен, «Каспий таңы» өндірістік кооперативі мен «Е.Сарсенбаев» шаруа қожалығы қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді. Балықтардың қырылып қалу қаупінің алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда, -деді инспекцияның баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +1 
